Австралия «Boeing-777» ұшағын тапқанын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралия «Boeing-777» ұшағын тапқанын жариялады

20.03.2014
Австралия «Boeing-777» ұшағын тапқанын жариялады
Австралияның Премьер-министрі Тони Эббот елдің жерсерігі «Malaysia Airways» әуе компаниясының 8 наурыз күні жоғалған ұшағының қирандылары болуы мүмкін нысандарды тапқанын жария етті, деп хабарлады BBC.
 
Оның сөзіне қарағанда, қирандылар табылған ауданға ұшақ жіберілген.
 
Айта кетерлігі, Австралия «Boeing» ұшағын оңтүстік ауданда, яғни Индонезия жағалауынан құрлықтың батысына дейінгі аралықтағы іздеу жұмыстарына басшылық жасауда. 
 
239 жолаушысы болған ұшақты іздеу жұмыстарына қазіргі уақытта 26 ел жұмылып отыр.

Хабарламаларға жазылу