Қытай үкіметі жоғалған ұшақ қалдықтарының суретін жариялады
Қытай үкіметі 8-наурызда Куала-Лумпурдан Қытайға бағыт алып, ғайып болған «Boeing Malaysia Airlines» компаниясына тиесілі ұшақтың қалдықтарының суретін жариялады, деп хабарлайды BBC News.
Қытай үкіметінің ғылым жөніндегі департаменті жариялаған суреттерде әуе кемесінің Шығыс-Қытай теңізінде жатқан ірі қалдықтары көрсетілген. Суреттер ұшақ жоғалғаннан бір күн өткеннен кейін түсірілген, алайда, тек бүгін ғана жарияланып отыр.
Айта кетейік, жоғалған «Boeing 777-200» ұшағының бортында 239 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған. Ол әуеге көтерілгеннен кейін бір сағат өткен соң радар экранынан ғайып болған.
Ұшақты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Оған бірнеше елдің әуе және теңіз күштері тартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07