Наурыз айында жоғалған малайзиялық «Boeing» ұшағын іздестіру жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз айында жоғалған малайзиялық «Boeing» ұшағын іздестіру жалғасады

22.09.2014
Наурыз айында жоғалған малайзиялық «Boeing» ұшағын іздестіру жалғасады

Наурыз айында жоғалған малайзиялық «Boeing» ұшағын іздестіру 30 қыркүйекте жалғасады. Австралияның көліктегі қауіпсіздік жөніндегі бюросы (ATSB) іздеу жұмыстарын жаңартпақ.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, спутниктік мәліметтер негізгі іздеу бағытын айқындап берді.  Спутниктік мәліметтер бойынша,   MH370 бағытын уақытынан бұрын өзгерткен.  Мұндай жағдайда теңізге құлаған дегеннен гөрі,  ұшақ оңтүстік бағытқа қарай ұшуын жалғастырды, деген болжам жасалуда.

Халықаралық тәуелсіз сарапшылар тобының   зерттеулері бойынша, апат  Австралияның Перт қаласынан 2,5 мың шақырым аумақта болуы мүмкін.

«Malaysia Airlines» әуе компаниясына тиесілі «Boeing 777-200» 7 наурызда  Куала-Лумпурден  Бейжіңге бағыт алған. Бортта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Ұшақпен байланыс Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан соң 2 сағаттан кейін үзілген.

Іздеу жұмыстары Үнді мұхитының Австралия жағалауынан батысқа қарай 2,5 мың шақырым  қашықтықтағы бөлігінде 1,5 ай жүргізілді.

Хабарламаларға жазылу