Зарина Диас жарысты жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас жарысты жалғастырады

19.03.2014
Зарина Диас жарысты жалғастырады
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Майамиде өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды kazssporttv.kz. Ол іріктеу финалында ресейлік Варвара Флинкті екі сетте ұтты. 
1 сағат 27 минутқа созылған ойын 7:6, 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
 
Зарина Диастың негізгі кезеңінің алғашқы айналымдағы қарсыласы - румыниялық Александра Каданту. Ол әлемдік рейтингте 62-ші орында.
 
Айта кетейік,  Майамиде өтіп жатқан WTA сериясындағы Sony Open Tennis турнирінің жүлде қоры – 5,4 миллион АҚШ доллары.
 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу