Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

23.02.2014
Олимпиада күнделігі
Сочиде Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатты өтті. Жарыстың ең соңғы күні шаңғы жарысы, бобслей және хоккейден жүлделер сарапқа салынды. Жүлдегерлер анықталған соң, «Фишт» стадионында жабылу салтанаты болып, оған жарысқа қатысушылар жиналды.
 
Жабылу салтанатының көріністерін дайындау үшін швейцариялық театр және цирк режиссері Даниэло Паско мен сценарий авторы Константин Эрнст қызмет етті.
 
Салтанаттты шара арт-хауст мәдениетінде ұйымдастырылып, ашылу салтанатына қарағанда  қаражат аз жұмсалған. Қазақстанның көк байрағын бұл жолы да шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.
 
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 26-шы орыннан көрінді. Құрама қоржынындағы жалғыз қола медальді мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алды.
 

Хабарламаларға жазылу