ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатындағы театрландырылған шоуға 2232 адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатындағы театрландырылған шоуға 2232 адам қатысады

09.09.2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатындағы театрландырылған шоуға 2232 адам қатысады

Алғаш рет театрландырылған шоуға 2 232 адам қатысады, олардың қатарында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттердің өкілдері мен еріктілер де болады.

8 қыркүйекте ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Жабылу салтанаты бойынша брифинг өтті. Күрделі инженерлік, көркемдік және қойылымдық көріністер қолданылатын ауқымды Hi-Light Show жарықтық иллюзиялар, графикалық проекциялар мен шынайылықты бір арнаға тоғыстырады. Әуе гимнасттар қозғалысымен бірге әуеде түрлі жазықтықта қалқыған көп тонналы декорациялар және үнемі кейіптенетін сахна көрме қонақтарына фантастикалық болашақ әлеміне сапар жасауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Жабылу салтанатының бас продюсері Борислав Володин іс-шараның негізгі идеясы ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған энергетика және технология саласындағы әзірлемелерді атап өтті.

«Нақты мақсат Көрменің нәтижелерін көркемдік түрде көрсету болды және аталған мақсатқа қол жеткіздік. Осы ерекше күні Көрме қонақтарына көптеген тосын сыйлар дайындадық. Іс-шараның басты бөлімінде энергия және технологиямен қатар әлемдегі адамның рөліне ерекше мән беріледі. Адам энергиясының басымдылығы сөзсіз. Аталған идея Көрменің жабылу салтанатында айқын баяндалады. Бұл қызықты әрі әсерлі шоу болмақ», - деп қорытындылады Борислав Володин.

Брифинг барысында Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров Көрменің жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған концертте «МузАрт» тобы, Майра Мұхамедкызы, М.Бисенғалиевтың симфониялық оркестрі, Жамиля Серкебаева, сондай-ақ, «Отырар Сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсететіндігін атап өтті. Марат Омаров аталған күні Көрме әдеттегі тәртіпте жұмыс істейтіндігін де хабарлады.

Сонымен қатар, Қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Денис Давыдов 3000 мыңнан астам полиция және жекеменшік күзет қызметкерлерімен қатар қосымша 500-ден астам Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері жұмылдырылатындығын айтты. Адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған бейнебақылау камераларына ерекше назар аударылады.

«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі - Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өткізілетін көрмелік және ойын-сауық іс-шара. ЭКСПО-2017 Көрмесі ағымдағы жылдың ең ауқымды мәдениошағына айналды. Көрменің Жабылу салтанаты 10 қыркүйек күні өтеді және ЭКСПО-2017 қонақтарына аталған жаһандық іс-шараның барлық жетістіктері көрсетілетін әсерлі шоу-бағдарлама ұсынылады.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы шараны тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу