Сочи Олимпиадасының жабылу салтанаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасының жабылу салтанаты басталды

23.02.2014
Сочи Олимпиадасының жабылу салтанаты басталды
Сочидегі «Фишт» стадионында ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты басталды.  17 күнге созылған спорттық марафонды аяқтайтын салтанатты шарада көрермен назарына бірнеше қойылым ұсынылады. 
 
Алғашқы қойылым – «Теңіз және аспан». Салтанатты шара 2,5 сағатқа созылады.
 
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бір «қола» түсті. Бұл жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алды.  Ал жабылу салтанатында Қазақстанның Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Хабарламаларға жазылу