«Алтын қыран» қорының демеушілігімен жарық көрген туындылардың тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын қыран» қорының демеушілігімен жарық көрген туындылардың тұсаукесері өтеді

11.03.2014
«Алтын қыран» қорының демеушілігімен жарық көрген туындылардың тұсаукесері өтеді
12 наурыз, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында халықаралық «Алтын қыран» қайырымдылық қорының демеушілігімен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді.
 
Кітап авторларының ішінде жинақтары тұңғыш жарық көрген Әлия Дәулетбаева, Жанар Әбсадық, Қуаныш Медеубаев сияқты жас ақындармен қатар, шығармалары қалың оқырманның сұранысына ие Бейбіт Сарыбай, Азамат Тасқараның, сондай-ақ, журналист Думан Анаш пен қылқалам шебері Ғалым Смағұлдың туындылары бар.

Тұсаукесер рәсіміне орай өткізілетін баспасөз мәслихатында Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Төлен Әбдік, Несіпбек Айтұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллин сияқты айтулы ғалымдар мен белгілі ақын-жазушылар өз ойларымен бөліспек.

Айта кетейік, әдебиет пен мәдениетке барынша қамқорлық танытып келе жатқан халықаралық «Алтын қыран» қоры  2012 жылы алты жас қаламгердің кітабын жарыққа шығарған болса, 2013 жылы  Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» кітаптарының ағылшын тіліне аударылуына демеушілік жасаған.

Хабарламаларға жазылу