Астанада жазушы Төлеубек Жақыпбайұлының «Қыран» жинағының тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жазушы Төлеубек Жақыпбайұлының «Қыран» жинағының тұсаукесері өтеді

16.05.2016
Астанада жазушы Төлеубек Жақыпбайұлының «Қыран» жинағының тұсаукесері өтеді

20 мамырда Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде жазушы Төлеубек Жақыпбайұлының «Қыран» жинағының тұсаукесері өтеді.

Жас кезінде ұлы жазушы Мұхтар  Әуезовтің батасын алған, өмірден ерте кеткен талантты жазушының  шығармалары 40 жылдан кейін Астанадағы «Фолиант» баспасынан былтыр жарыққа шыққан болатын.

Несіпбек Айтұлының алғысөзімен жарық көрген жинақтың шығуына белгілі меценат, ұлт руханияты  жанашырларының бірі  Жәнібек Елекбаев көмектесті.

Жазушы әдебиеттегі алғашқы қадамын Шығыс Түркістанда бастаған. Оның «Қыран туралы хикая», «Асан ата», «Мен қалай түзелдім» повестері мен әңгімелері кезінде әдебиет сыншылары тарапынан жоғары баға алған. 

1970 жылдары республикалық «Жалын» альманағы жариялаған конкурстың бірнеше дүркін жүлдегері болған Төлеубек Жақыпбайұлының туындылары көбінесе қазақтың көшпенді өмірі мен тұмса табиғатын қара сөзбен жырлайды. 

Хабарламаларға жазылу