Астанадағы Ұлттық кітапханада бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық кітапханада бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

21.12.2018

Астанадағы Ұлттық кітапханада «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы негізінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті. Жарық көрген туындылардың ішінде Мырзатай Жолдасбековтың «Ойтолғауы», «Қалың қазақтың қадірлісі», Әлқуат Қазақбаевтың «Қорқыт ата аңыздары мен күйлері» атты шығармалары бар. Аталмыш кітаптар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау аясында шығарылды. Жаңадан жарық көрген еңбектерде қазақ халқының шешендік өнерінің философиясы, ел мен жер тағыдыры, рухани мұра баяндалады. Сондай-ақ, «Қалың қазақ қадірлісі» кітабына Мырзатай Жолдасбековтың өнегелі өмір жолын зерттеген ғалымдардың сұқбаты енгізілген. Тұсаукесер салтанатына әдебиет, өнер, тарих, түркология саласындағы  отандық ғалымдар, депутаттар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу