Республикадағы жекешелендіруден түскен қаржының 91 пайызы холдингтердің үлесінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикадағы жекешелендіруден түскен қаржының 91 пайызы холдингтердің үлесінде

09.06.2015
Республикадағы жекешелендіруден түскен қаржының 91 пайызы  холдингтердің үлесінде

Республикадағы жекешелендіруден түскен қаржының 91 пайызы - холдингтердің үлесінде. 

Үш жылға арналған бағдарлама аясында 300-ден астам нысан сауда-саттыққа қойылған. Оның 173-нің бүгінде өз иесі бар.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ыбырайымов мәлімдеді. 

Қазір елімізде сауда-саттық жүргізудің қарапайым әрі ашық тәсілдерін қолдану жолға қойылған. Бүгінде жекешелендіруден түскен қаржының жалпы сомасы 55 миллиард 300 миллион теңгені құрап отыр. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу