Ұлттық қорға ірі мұнай жобаларынан 664 млрд теңге түспей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қорға ірі мұнай жобаларынан 664 млрд теңге түспей қалды

09.06.2021

Ұлттық қорға екі бірдей ірі мұнай жобаларынан 664 млрд теңге түспей қалды. Бұл «Қарашығанақ» пен Солтүстік Каспий жобасы. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, бюджет кодексін бұза отырып, Ұлттық қорға салық төлеудің орнына мұнай секторындағы компаниялардың ақшасы республикалық бюджетке аударылған. Сонымен бірге квазимемлекеттік сектор активтерді жекешелендіруден түскен қаржыны ішкі және сыртқы қарызын өтеуге жұмсап жіберген. Комитет төрағасы мұнай әдісті тоқтату керек деп санайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу