Фариза ақынға арнап бейнебаян түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза ақынға арнап бейнебаян түсірілді

05.03.2014
Фариза ақынға арнап бейнебаян түсірілді
«Желтоқсан желі», «Анамның тілі» сынды рухты әндерімен танылған әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі мен  шәкірті Бағдат Айсәулет «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
Жақында Бағдат Айсәулет композитордың әніне Фариза ақынға арнап бейнебаян түсірген. Бұл турасында Бағдат әнші: «Бұл әннің жүрегімде жүргеніне бір жылдай болды. Әрі талай жылдан бері домбырада айтылып келген әнді эстрадалық бағытта шығару ойда жүр еді. Осы әнге бейнебаянды үш ай түсірдік. Әдетте, бейнебаянды бір-ақ күнде түсіреді»,-дейді.
 
«Ол кісінің мінезі ерекше  еді ғой. Бейнебаянды түсіру мақсатында апамыздың үйіне бардық. Түсірілім тобы «апа, 5 секунд кітап қарап отырасыз, болды» деді. Аяғында 5 секундымыз 55 минутқа созылды ғой. Бір өкініштісі, бейнебаян толық біткен соң, Фариза апамыздың өзіне бір данасын ұсынамыз деп едік, үлгермей қалдық»,-дейді Әбиірбек Тінәлі.

Хабарламаларға жазылу