Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Фариза сыныбы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Фариза сыныбы ашылды

27.01.2015
Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Фариза сыныбы ашылды

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова атындағы арнаулы сынып ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Аталған білім ордасы химия және биология бағытында шәкірт тәрбиелеуге машықтанғанмен, мұнда әдебиетке жаны құмар оқушылардың талабына қолдау көрсетілуде. Тіпті, мектеп оқушыларының Фариза ақынға арнаған шығармалар жинағы жарыққа шыққан. Сол себептен, білім ордасында Фариза Оңғарсынова атындағы арнаулы сынып ашылған.

Фариза Оңғарсынова атындағы сыныптың ашылуына филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп және ақынның сіңлісі Арита Асқарқызы қатысты.  Сондай-ақ, шарада мектеп оқушылары өз өлеңдерін оқыды. 

Хабарламаларға жазылу