Шәкизада: «Аққу арман» әнін қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкизада: «Аққу арман» әнін қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын

08.07.2015
Шәкизада: «Аққу арман» әнін қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын

Шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарымен бөліскен әнші: «Жуырда Әлішер Кәрімовпен бірге «Саған ғана» атты әнге бейнебаян түсірдік. Әнін – Арман Бексұлтан, сөзін – Талант Арынғали жазды.

Фариза апамыздың сөзіне жазылған Ермек Елгезековтің «Бал сезім» атты әні  Моңғолияда түсірілді. Бұл екі бейнебаян қазір халық назарына ұсынылды.  Тағы бір «Қыз ұзату» деген жаңа ән бар. Асқар Жайлаубаевтың әні. Әлі бояуы  кеппеген ән»,-дейді.

«Мені көпшілікке танытқан Қыдырбек Мәлібековтың «Аққу арман» әні еді. Бұл әнді барған жерімде көпшілік жиі сұрайды. Әнді жаңартып, халыққа жаңаша түрде ұсыну бұрыннан да ойымда жүрген. «Аққу арманның» бейнебаяны бар, бірақ, келешекте қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын».

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу