«Америкалық БАҚ аудиториямен жақсы жұмыс істейді»
Жақында Колумбия университетінің Гарриман институтында бір жылдық тәжірибеден өтіп келген маман: «Ол жақтың бізден айырмашылығы – біз Американың кредиттік оқыту жүйесін алдық. Оған Еуропадан көрген өзгерістерді салып жатырмыз. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар, бірақ, менің ойымша, өзіміздің дайын жүйемен оқытсақ, тіпті керемет болар еді»,-дейді.
«Бізде бірінші курс студенттері философия сынды пәндерді міндетті пән ретінде оқиды. Ал Америкада мұндай пәндер мектепте оқытылады. Университетте тек мамандыққа қатысты пәндерді оқу міндеттеледі. Ал оқуды аяқтар тұста бағыт-бағыт бойынша, өздеріне керек пәндерді таңдап алады».
«Америкада газет-журналдар өзін-өзі қаржыландырады. Олар аудиториямен жақсы жұмыс істейді. Мысалы, бір газетті екі үй оқиды делік. Оның бірі газетті жай парақтайды да қоя салады, екіншісі оның бірнеше мақаласын оқиды. Газет шығарушылар осының барлығын ескереді. Маркетингтік жұмыс аса жетілген ол жақта»,-дейді Айтмұхамбет Оразбаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05