Ақын Руслан Нұрбайдың жыр кеші өтеді
28 ақпан күні сағат 17:00-де Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руслан Нұрбайдың «Бөрі-өлең тұр, болмыстың көшіне ұлып...» атты жыр кеші өтеді. Кеште сондай-ақ, ақынның «Ар-Рух» кітабының тұсауы кесілмек.
Біздің анықтама:
Руслан Нұрбай 1974 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ыстыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1998 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2001 жылдан бері Жазушылар Одағының мүшесі. 2003 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде І орын иеленген. Өлеңдері Қарағандыда жарық көрген бірнеше жинақтарда: «Қалам құдіреті» әдеби альманағына, «Дүниеге келер әлі талай Қасым», «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» топтамаларына енген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанадағы «Келешек мектепте» алғашқы дзюдо зал ашылды
15.12.2025, 13:18
Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
15.12.2025, 13:15
Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
15.12.2025, 13:12
Иранда жанармай қымбаттады
15.12.2025, 13:09
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
15.12.2025, 13:06
Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
15.12.2025, 13:00
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
15.12.2025, 10:30
Жерлестеріміз V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
15.12.2025, 10:28