Қырғыз елінде доллар бағамы өсіп барады
Қырғыз Республикасында күн сайын жергілікті сомға шаққанда доллар бағамы өсіп барады. 17-ші ақпан күні америкалық валютаны 50 сомға сатып алу мүмкін болса, бүгін, 19-шы ақпанда ол 52-53 сом тұрады. Бұл елдің Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам - 51.6550 сом.
Қырғыз Республикасының үкіметі мен ұлттық банкі валюта нарығында алыпсатарға жол берген ақша айырбастау пунктері мен коммерциялық банктердің қожайындары заңға сәйкес жазаланды деп мәлімдеме таратты.
Сонымен қатар, ел үкіметі доллардың бағамының өсуіне байланысты азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу үшін барлық шара жасайтынын айтты. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының ұлттық банкі доллар бағамының өсуін тоқтату үшін жүйелі интервенция жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 12-ші ақпан күні Қазақстанда доллар бағамы өскен кезде, Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі қырғыз сомының төмендеуіне мүмкіндік бермеуі үшін 27 миллион долларға интервенция жүргізді. Сол кезде жүргізілген шарадан кейін елдің валюта нарығы тұрақталып, америкалық валютаға деген сұраныс толық қанағаттандырылды деп мәлімделген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісулық ауған соғысының ардагері жастармен кездесті
29.10.2025, 10:17
Кристофер Ландау Алматы туралы әсерін бөлісті
29.10.2025, 10:16
Электромобильдерге арналған квота тоқтады
29.10.2025, 10:15
«Nazira Gold» ісі: Шымкентте 9 адам сотталды
29.10.2025, 10:12
Атырау облысында жол үстінде түйе баланы таптап тастады
29.10.2025, 10:11
Израиль Газаны әуеден шабуылдады
29.10.2025, 10:10
Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында халықаралық кооперация орталығы құрылады
29.10.2025, 10:09
Түркі елдеріне ортақ археологиялық әдіснама қажет
29.10.2025, 10:07