Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың жобасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың жобасы әзірленді

18.02.2014
Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың жобасы әзірленді
Халықаралық сарапшылар қауымдастығы «G-Global» ақпараттық-коммуникациялық алаңында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың алғашқы жобасын әзірледі.
 
2011 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдік қауымдастыққа G-Global бастамасын, сондай-ақ, қорытындысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияны өткізуді ұсынған еді.
 
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қолдауымен І Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция  2013 жылдың 23-24 мамыры аралығында БҰҰ-ға мүше 104 мемлекеттің ресми өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
 
ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша,  2014 жылдың 21-23 мамыры аралығында Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспардың жобасын қабылдау жоспарлануда.
 
Жоспар жобасын тиімді етіп дайындау мақсатында, Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы мен Бреттон-Вудсты жаңарту комитеті әлем бойынша, соның ішінде, АҚШ, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия, Люксембург, Қытай, Гонгконг, Индонезия, Перу, Бразилия, Италия, Ресей Федерациясы, БАӘ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Эстония, Латвия және Сингапур елдерінде Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның аутрич-семинарларын өткізуде. 

Хабарламаларға жазылу