Солтүстік Қазақстан облысында Есілдің бойынан табылған балалардың өмірі неден қиылғаны анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Әсет Шайкиннің сөзіне қарағанда, балалардың мәйіттерін қорықшы тауып алған. Олар үйден 16.00-де шығып кеткен. Сыныптастарының сөзінше, оларды соңғы рет көргенде балалар шана тебу үшін Есіл өзені жаққа қарай беттеп бара жатқан. Кешке қарай ата-аналары ауыл тұрғындарымен бірге іздеуге шыққан. Кейін полицияға хабарласқаннан кейін, оларды іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімдер жарқабақтан құлап, қардың астында қалып қойған. Омпа қардан шыға алмай тұншыққан. Қайғылы оқиға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополька ауылының маңында болған. ТЖМ-ның хабарлауынша, олар: 12 жастағы О. Русских мен В. Алехин, 16 жастағы жасөспірім В. Говорченко. |