Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды

08.02.2024

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың мәйіті табылды. Бүлдіршіндердің қайтыс болғаны жайында және олардың қай мекенжайда екенін анасы құрбысына хабарлаған болып шықты. Қазір полицейлер балалардың анасының тұрғылықты жерін анықтау мақсатында жедел-тергеу шараларын жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша оның Қызылорда облысының тумасы екені және сонда тұратындығы туралы айтылуда. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бүлдіршіндерді кім және қалай өлтіргені анықталуда.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу