Павлодарлық өлкетанушы ғалымдардың жариялаған жаңалығы елең еткізді

03.11.2019

Павлодарлық өлкетанушы ғалымдардың жариялаған жаңалығы елең еткізді. XVIII ғасырда бабаларымыз қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Ақшиман деген жерде ойраттарды ойсырата жеңген болатын. Енді осы тарихи оқиғаның дәл қай жерде болғаны болғаны анықталды. Омбы мемлекеттік архивінен табылған ескі картаның арқасында. Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары мен белгілі тарихшылар XVIII ғасырда жасалған карта бойынша «Қалмаққырған» аумағында болған аса маңызды тарихи шайқас – дұшпанның қанын судай шашқан шайқас 1741 жылы көктемде дәл мына жерде болған деп отыр. Бұрын аңыз, болжам айтылып келсе, енді ғылыми дәлелденді. Картада казақтар мен қалмақтардың қай жерде шайқасқаны ғана емес, шайқаста ерен ерлік көрсеткен батырлардың есімдерімен аталған белестер мен жоталардың аттары көрсетілген.

-Ескі карта мен қазіргі картаны салыстырып, шайқастың дәл қай жерде болғанын ғана емес, өлім құшқан қалмақтардың жерленген жерлерін, сонымен бірге қазақ әскерінің де, қалмақ әскерінің де тактикалық жағынан қалай қозғалғанын білдік, дейді, профессор Амантай Құдабаев.


Хабарламаларға жазылу