Таиландтың Паттайя қаласындағы қонақүйлердің бірінде Қазақстан азаматының өлі денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландтың Паттайя қаласындағы қонақүйлердің бірінде Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

01.02.2017
Әзірге марқұмның қалай қайтыс болғаны белгісіз. Қайғылы оқиға туралы қонақүй қызметкерлері 31 қаңтар күні түнде хабарлаған. Үшінші қабаттағы бөлмелердің бірінде полицейлер 41 жастағы қазақстандық Виктор Варттың мүрдесінің қасында мас күйінде жылап отырған таиландтық әйелді тапқан. Сонымен қатар, бөлмеде ішімдіктердің бос шөлмектері де табылған. Болжам бойынша, Қазақстан азаматы екі күн бұрын қайтыс болған. Оның денесінде ешқандай зақым белгілері жоқ.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу