Белгілі түркологтар – Түркі академиясында
Бүгін Астанадағы Түркі академиясында ғылым қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің белгілі ғалымдары және қоғам қайраткерлері бас қосты. Бұл туралы Түркі Академиясы баспасөз қызметі хабарлады. Дөңгелек үстел басында М.Жолдасбеков, Қ.Сұлтанов, О.Смағұлов, С.Қасқабасов, Н.Оразалин, З.Самашев, Қ.Салғарин, Ә.Ахметов, А.Смайыл, Б.Аяған, Ғ.Есім сынды зиялылар мен сала білгірлері жалпы түркітанудың бүгіні мен ертеңіне қатысты ойларын ортаға салды. Биыл 75 жасқа толып отырған тарихшы, профессор Қойшығара Салғараұлы түбі бір түркі халықтарының рухани-мәдени мұраларын зерттеу, насихаттау және түркология ғылымын дамыту жолындағы көп жылғы еңбегі үшін Түркі академиясының құрмет грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:30
Оқушылар мен студенттер арасында хакатон басталды
16.04.2026, 13:27
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз мамандық алып шықты
16.04.2026, 13:24
Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты кеңейтеді
16.04.2026, 13:21
Қазақстанмен кеден саласында Еуропалық Одақ ынтымақты күшейтпек
16.04.2026, 13:18
Вашингтон Тегеранмен келісім жасауға үмітті
16.04.2026, 13:15
Екібастұзда бұзақылар дәрігер мен медбикені соққыға жықты
16.04.2026, 13:12
Павлодарда сарбаз қаруласын жаралап, өзі атылып өлді
16.04.2026, 13:09