Қазақстанмен кеден саласында Еуропалық Одақ ынтымақты күшейтпек
Еуропалық Одақ Қазақстанмен кеден саласында ынтымақты күшейтіп, озық тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы Брюссельде өткен Қазақстан-Еуропалық Одақ кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысында мәлім болды. Басқосуда тараптар тауарлардың кеденнен кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасау, сауданы жеңілдету үшін цифрландыруды күшейту жайын талқылады. Және электрондық құжаттарды өзара тану мәселесін көтерді. Сондай-ақ қос тарап өкілдері мобильді топтар мен кеден зертханаларын пайдалану бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Маттиас Петшке, Еуропалық комиссияның Кеден одағы жөніндегі бас директоратының директоры:
Басқосуда біз сауданы одан әрі жеңілдету, кедендік рәсімді оңтайландыру және байланысты нығайту жайын талқыладық. Бұл кездесу бізге екі тараптың заңнамалық жағдайы туралы соңғы ақпаратпен алмасып, ынтымақ көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Себебі Қазақстан ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.
Қадыр Исмағұлов, Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры:
Біз Бельгияның кеден зертханасының жұмысымен таныстық. Ол әлемдік стандарт бойынша үздіктердің қатарында. Онда химиялық, психотроптық заттар, әртүрлі есірткі компоненттері анықталады. Бұл денсаулық сақтау және ұлттық қауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондықтан осы тәжірибені өз елімізде енгізбекпіз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:30
Оқушылар мен студенттер арасында хакатон басталды
16.04.2026, 13:27
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз мамандық алып шықты
16.04.2026, 13:24
Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты кеңейтеді
16.04.2026, 13:21
Вашингтон Тегеранмен келісім жасауға үмітті
16.04.2026, 13:15
Екібастұзда бұзақылар дәрігер мен медбикені соққыға жықты
16.04.2026, 13:12
Павлодарда сарбаз қаруласын жаралап, өзі атылып өлді
16.04.2026, 13:09
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын, қар жаууы мүмкін
16.04.2026, 13:06