Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
Түркиядағы қазақ ауылы Алтайда алғаш рет Наурыз мейрамы тойланды. Өткен ғасырдың елуінші жылдары Қытайдан ауған қазақтарды Түркия мемлекеті бауырына басып, осы Алтай ауылына қоныстандырған еді. Алайда бүгінде ауыл тұрғындары үлкен қалаларға көшіп, халық саны азайып кеткен. Дегенмен ауылдағы Наурыз тойы ерекше өтті. Концерттік бағдарлама мен жәрмеңкеден бөлек ұлттық ойындар мейрамның көрігін қыздырды. Әсіресе жамбы ату мен тазы жарысы көпшіліктің көңілінен шықты. Түркияның әр аймағынан келген қазақтар түрлі шаралар ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді дәріптеді Түркияда қырық жылға жуық ескерусіз қалған Наурыз екі жылдан бері ресми мереке мәртебесін алып, елдің әр аймағында кең көлемде аталып өте бастады.
Мұстафа Көк, «Алтай» қазақ мәдени бірлестігінің төрағасы:
1954-те ауыл құрыла бастапты. 165 отбасы болып ауыл құрылыпты. 1955 жылы жетінші айдың 31-күні келген қонақтар ауылға келіп орналаса бастапты. Қазір 16-17 отбасы қалды.
Мұндай ауқымды мерекені алғаш рет өткізіп отырмыз. Қазақстаннан арнайы келген өнерпаздар мен спортшылар мейрам көркін қыздыра түсті. Бұл тек мәдени шара емес, екі ел арасындағы бауырмашылықтың көрінісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы