Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстан мен Тәжікстан әскери және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бүгін Сенат екі ел арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады. Бұл келісімге мемлекет басшылары 2024 жылғы 22 тамызда Душанбе қаласында қол қойған. 26 баптан тұратын құжат әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, энергетика, экология, цифрландыру, білім беру мен мәдени-гуманитарлық бағыттарды қамтиды. Соңғы жылдары екіжақты байланыстар айтарлықтай нығайған. Үкіметаралық комиссия тұрақты түрде бас қосып, өңіраралық әріптестік дамып келеді. Ал тауар айналымы жыл сайын 1 миллиард доллардан асып отыр. Енді тараптар бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуді көздейді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09