Пәкістанда содырлар газ құбырларын жаруға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда содырлар газ құбырларын жаруға кірісті

10.02.2014
Пәкістанда содырлар газ құбырларын жаруға кірісті
Пәкістанда содырлар газ құбырының әр бөлігінде үш жарылыс жасады. Осының салдарынан  Пенджаб провинциясы газдан ажырап қалды.
 
Пәкістан билігінің мәліметінше, зақым келген учаскелерді жөндеуге бірнеше күн уақыт керек.
 
Осы жарылыстар үшін жауапкершілікті көршілес Белуджистан провинциясының сепаристер тобы өз мойнына алып отыр.

Содырлар осыған дейін де газ құбырында осындай қастық іс-қимылдарын жасаған.

Хабарламаларға жазылу