Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге қаржы бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге қаржы бөлінді

23.05.2023

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Жалпы қала тұрғындарын екі қазандық жылумен қамтамасыз етеді. Бүгінде сол екеуінде де жабдықтар әбден тозған. Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырларын, ауа жылытқыштарын жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Нәтижесінде алдағы жылдары жылыту маусымдары іркіліссіз өтуі қажет. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу