Пәкістанда содырлар сот ғимаратына шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда содырлар сот ғимаратына шабуыл жасады

21.02.2017
Пәкістанның Чарсадда округіндегі сот ғимаратына жасалған шабуылды тәліптерге қарасты «Джамаат уль-Ахрар» тобы өз мойнына алды. Радикалдық ұйым журналистерге мұндай ақпаратты осыдан бірер сағат бұрын берген.

Соңғы мәліметке қарағанда, сот үйінің кіреберісінде жанкешті-лаңкес қол гранатасын жарып жіберіп, оның сыбайластары оқ жаудырған. Одан кемінде 4 адам қаза тапты. Алайда, куәгерлердің сөзінше, құрбандардың саны бұдан да көп.

Кейбір мәліметтерге сай, қарулы топтың бір мүшесі өлтіріліп, біреуі сот ғимаратында жасырынып жүр. «Рейтердің» хабарлауынша, атыс әлі жалғасып жатыр.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу