Сауд Арабиясында мемлекетті сынаған журналист 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сауд Арабиясының соты журналисті мемлекет басшысына бағынбағаны және терроризмге қатысты елдің беделіне нұқсан келтіретін сын айтқаны үшін айыптап отыр. Бұл туралы «The Daily Star» басылымы хабарлайды.
Вайди аль-Газзави телеарнаға берген сұхбатында терроризм және «Әл-Каида» Сауд Арабиясына, деп мәлімдегені анықталды.
Журналиске сондай-ақ, «Сауд Арабиясының жауларымен байланысы бар және олардан ақша алды» деген де айып тағылып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, журналист бұрынғы ливиялық көшбасшы Муаммар Каддафиден 2009 жылы екі елдің қарым-қатынасы қиындаған кезде ақша алды деп айыпталған.
Абақтыға қамаумен қатар, сот журналисті БАҚ-та көрсетпеу және елден 20 жылға аластату керек деп шешті.
Сауд Арабиясында барлық БАҚ биліктің қатаң қадағалауында. Журналистерге шариғаттың заңдарына қайшы келетін, басқа елдердің көзқарасына қызмет ететін және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін материалдар жазуға тыйым салынған. Ал бұл ережелерді сақтамағандар үлкен көлемде айыппұл төлейді, абақтыға қамалады, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына материал жазуына тыйым салынады.
Суретте Сауд Арабиясының королі
Фото: Pool / Reuters
|