Қазақстанда бір жылда 3 ғарыштық аппарат ұшырылады
Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет бір жылда 3 ғарыштық аппарат ұшырылмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің өткен жылғы қорытындысы мен биылғы алға қойылған мақсаттарына арналған кеңейтілген алқа отырысында таратылған мәліметтерде айтылды.
«2014 жыл біз үшін өте маңызды әрі күрделі болмақ. Мәселен, Қазақстан тарихында алғаш рет бір жылда 3 ғарыштық аппарат ұшырылатын болады. Олардың біреуі - жасанды жер серігі, екеуі - Жерді қашықтықтан зондтау аппараты. Бұл егемен Қазақстанның ғарыш саласының қалыптасу жолындағы бұрын болмаған үлкен жетістігі», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі жобасы бойынша 2013 жылы ажырату қабілеті жоғары және орташа ғарыш аппараттарының құрастыру мен сынау кезеңдері аяқталды. Жерүсті кешеннің объектілері әзірленді.
Франция мен Ұлыбританияда ғарыш жүйесі операторларының отандық тобы дайындалды. Қазіргі таңда 2014 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған ғарыш аппараттарын ұшыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04
АҚШ-та қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды
05.08.2026, 10:04
Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады
05.08.2026, 10:03