Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысы Жетісай ауданында тойда түсірілген бейнежазбаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі ресми мәлімет таратты.
Тойда сөз алған қонақ теріс уағыз айтып, желіде тараған оның видеосына халық наразылық білдірді. Қоғамды қызу пікірталас туғызған осы оқиғаға қатысты құқық қорғау орган өкілдері тексеру жүргізіп, бұл азаматтың Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
Ол діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар мәлімделер айтқаны үшін күдікті деп танылып, тергеу шаралары басталды. Министрлік сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертіп, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін ескертті.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54