Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
Алматыда халықаралық талаптарға сай жаңа футбол стадионының құрылысы басталды. Құлжа және Талғар тасжолдарының түйіскен тұсында бой көтеретін спорт нысаны 45 мың көрерменге есептелген.
Жалпы аумағы шамамен 32 гектарды құрайтын арена УЕФА-ның IV санатының талаптарына сәйкес салынады. Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты кешенді абаттандыру қарастырылған. Сондай-ақ көрермендердің стадионға қолайлы жетуін қамтамасыз ету үшін жол-көлік инфрақұрылымы да ыңғайлы болмақ. Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар сынамалық қада қағып, нысанның инженерлік шешімдерін пысықтауда.
Сырым
Тұрлыби, қалалық Құрылыс басқармасы жобалау бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда құрылыс алаңында КазНИИСА жобалау ұйымымен бірлесіп, құрылыс басқармасы сынақ ретінде қада қағу жұмыстарын жүргізуде. Стадионның ерекшелігі - өзінің архитектуралық конфигурациясында. Сонымен қатар стадионда табиғи жасыл алаң болады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15