Ұшақтағы жанжалдан соң «Эйр Астана» қызметкері жұмысынан уақытша босатылды
«Эйр Астана» ұшағында жолаушымен жанжалдасқан бортсерік жұмысынан уақытша босатылды. Бұл туралы әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің вице президенті Белла Тормышева мәлім етті.
Оның сөзінше, бортсерік қазір медициналық сараптамадан өтіп жатыр. «Кеше біздің қызметкер де, жолаушы да алкогольге қарсы тексеруден өтті. Екеуінен де ештеңе анықталмады. Тексеруді құқық қорғау органдары өкілдерімен қатар, «Эйр Астана» да жүргізіп жатыр»,-деді ол.
Жолаушылардың бірі Әлібек Ыбыраев: «Мен бортқа кіргенде олардың сөйлесіп тұрғанын байқадым. Бірақ, ешқандай жанжалдасу болмады. Аздан соң полиция қызметкері келді де барлығымыздың сыртқа шығуымызды өтінді. Жолаушылардың көбі не болып қалғанын түсінбеді де»,-дейді.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні «Эйр Астана» әуе компаниясының «Алматы-Астана» бағытындағы ұшақта бортсерік пен жолаушы арасында жанжал туындағаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44