Украина бірінші кезекте экономикамен айналысуы тиіс еді - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина бірінші кезекте экономикамен айналысуы тиіс еді - Н.Назарбаев

05.02.2014
Украина бірінші кезекте экономикамен айналысуы тиіс еді - Н.Назарбаев

Украина бірінші кезекте саясатпен емес экономикамен айналысуы тиіс еді. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Украинадағы орын алып отырған ахуалға қатысты бүгінде сарапшылар қалай айтса да басты проблема әлеуметтік проблеманың тасасында тұр. Кеңес одағының экономикасын білетіндер Украина тұрақты түрде Ресейден кейін екінші қуатты республика болғандығын біледі. Бүгінде Украина экономикасының жалпы көлемі Қазақстан экономикасынан 25 пайызға кейінге қалып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы қуатты экономикасы әрі 50 миллионға жуық халқы бар Украинада мұндай ахуалдың орын алмауы тиіс екендігін баса айтты. Бірқатар елдерде әлі күнге дейін әлеуметтік проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу