Ғалымдар: ресейліктердің өмірден ерте өтуіне алкоголь себеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: ресейліктердің өмірден ерте өтуіне алкоголь себеп

31.01.2014
Ғалымдар: ресейліктердің өмірден ерте өтуіне алкоголь себеп

Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтеді. Ғалымдар бұны алкогольдік ішімдіктерден көріп отыр. Олардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктердің ішінде әсіресе арақ адамға өте зиянды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Lancet медициналық журналында Ресейдің Барнаул, Бийск, жән Томск қалаларында 1999-2010 жылдар аралығында алкогольді тұтыну мәдениетін зерттеу нәтижесі жарияланды. Зерттеушілер Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтетінін атап өткен. Олардың көбісі арақты көп ішкендер болып шықты.

Ішімдікке қатты салынғандар әртүрлі қатерге тап болады. Айталық ішімдіктен уланып қалады, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барып, тамақ және бауыр қатерлі ісігіне шалдығып жатады.

Ұлыбританияда халықтың 7 пайызы ғана болмаса, қалған көпшілігі 55-тен асып өмір сүреді екен. Зерттеу авторларының бірі, Оксфорд университетінің қызметкері Ричард Петоның сөзіне қарағанда, орта есеппен алғанда ересек ресейлік азамат үшін жылына 20 литр арақтан келеді.

Хабарламаларға жазылу