Қатерлі ісікке шалдыққандар саны өсіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі ісікке шалдыққандар саны өсіп барады

31.03.2019

Қатерлі ісік күшейіп барады. Елімізде соңғы 10 жылда 160 мың адам обырдан көз жұмған. Жаман аурудың алдын алып, ажалдан арашалап қалу үшін жыл сайын миллиондап қаржы бөлінгенімен, өкінішке қарай, обырдан көрсеткіші жоғары елдердің қатарындамыз. Қатерлі ісікті емдеудің осы заманғы тәсілдері, тың технологиялары көп. Бірақ әлі де қажетті аппаратқа қол жетпей жүр. Кесірінен сырқаттар ауруын асқындырып алады, сондықтан қарызданып-қауғаланып, шетелден ем іздеуге мәжбүр.

Ал, Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елімізде обырды ерте анықтайтын 6 орталық ашылады. Жалпы, обыр ең көп таралған Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы, Қызылорда өңірі екен. Мамандар адам өмірін жалмайтын бұл аурудың басты себептері дұрыс тамақтанбау, газдалған сусын, алкоголь, стресс, тұқым қуалау екенін айтады.

Хабарламаларға жазылу