Абдолла-Алтый Сүлейменнің «Жарқын бейнесі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абдолла-Алтый Сүлейменнің «Жарқын бейнесі»

28.06.2015
Абдолла-Алтый Сүлейменнің «Жарқын бейнесі»

Абдолла-Алтый Сүлеймен есімі аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Ол «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламасының шолушысы ретінде көрермендердің көзайымы болды.

Таңертеңгілік «Таңшолпан» бағдарламасының бас редакторы қызметін атқарды. «Алатау» телеарнасының директоры ретінде де қазақ телевизиясының дамуына үлес қосты.

Алда әлі талай мақсаты бар еді. Өмірден ерте озды...

Талантты журналист, қазақ телевизиясының майталманы Абдолла-Алтый Сүлеймен туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Жарқын бейне» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу