Бикамал Мұржықова 115-ші Жаңа жылды қарсы алмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бикамал Мұржықова 115-ші Жаңа жылды қарсы алмақшы

31.12.2014
Бикамал Мұржықова 115-ші Жаңа жылды қарсы алмақшы

Кейуана ерінен ерте айырылып, 3 баласымен жесір қалған. Сол кезде небары 4 жастағы кенже ұлы Жансары бүгінде 60-тан асқан ақсақал. 

Қарияның үйі көне заттар мен бұйымдарға толы. Зерлі сандық пен құрақ көрпелер әжейдің жасауы екен.  Кейбіреулерін өзі құраған.

Осылайша келіндеріне үлгі болып, қазақы тәрбие беруде. Талай қиындықты басынан кешіріп, өмірден қағажу көрген кейуана қазіргі бейбіт заманға тәубе етіп, еліміз, жеріміз көркейе берсін деп үнемі ел-жұртымыздың амандығын тілеп отырады.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу