Ғарифолла Есім: Таңсұлу өмірде болған адам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарифолла Есім: Таңсұлу өмірде болған адам

30.01.2014
Ғарифолла Есім: Таңсұлу өмірде болған адам
 
Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» әңгімесінің желісі бойынша дайындалған сахналық туындының тұсаукесері.
«Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болған Ұлттық Ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім осы шығарманың жазылу тарихы туралы әңгімеледі.
 
«Осындай керемет ұжымға менің шығармам түскеніне қуаныштымын. Негізі Таңсұлу туралы айтып берген көршім. Таңсұлу өмірде болған адам. Ал, бізге аңыз ретінде жеткен. Шамамен өмір сүрген кезеңі Төле би заманы болуы керек. Бұл аңызда қыз баланың ерлігі туралы айтылады. Таңсұлу тағдыры мені қатты ойландырды. Содан пьеса жазуға алып келді»-, дейді автор.
 
Бүгін «Таңсұлу» қойылымының премьерасы өтеді.
 
Қойылымның режиссері - Алма Кәкішова, суретшісі - Қабыл Қалықов.
 
«Бүгінгі қойылымнан режиссердің өзіндік шешімдерін көргім келеді. Және басты рөлдегі актриса Таңсұлуды маған түсіндіріп берсе деймін. Өйткені кейіпкерімді мен де толық түсіне алмадым. Бұл - менің бірінші пьесам»,- дейді Ғарифолла Есім.

Хабарламаларға жазылу