Жұматай ақын құрған «жыр қағанатын» білесіз бе?
Бейне қолжетімді емес
80 жылдардың басында қазақ поэзиясына Есенқұл Жақыпбек, Әбубәкір Қайран, Нұрлан Мәукенұлы, Бауыржан Жақып, Темірғали Көкбай, Гүлнәр Салықбай секілді бір шоғыр талантты жас келді.
Ал осы ақындардың Жұматай Жақыпбаев құрған «поэзия қағанатының» құрамында болғанынан хабарыңыз бар ма? Тек бұл қағанат өзгелерге әмір жүргізуді емес, поэзияны ұлықтауды мақсат тұтты.
Ақын Әбубәкір Қайран: «Ол кісінің қағанатқа қабылдауы қиын еді. Алдымен, өлеңін оқытатын. Сосын оны жақсы, жаман деп бөлмей, ұнаса бірден қабылдап, тіпті лауазымына дейін сол жерде айтып беретін. Ұнамаса, әлі де шыңдалу керек, келесіде тағы келерсің, деп жіберетін», деп еске алады.
Қағанат құрамындағы ақындар жоспарлы түрде кездесіп тұрған. Бұл басқосуда жаңа өлеңдер оқылып, талқыға түсетін сын-пікірлер айтылатын, дейді білетіндер.
Ең бастысы, сол шыңдалу мектебінен өткен қаламгерлер қазір қазақ поэзиясының ең белді өкілдеріне айналды. Аты аңызға айналған бұл жыр қағанаты Жұматай ақын дүниеден озған соң, тарқап кетті.
Жұматай Сағадиұлы Жақыпбаев 1945 жылдың 30 қаңтарында Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген.
Қазақтың қара өлеңінің төрінде ерекше орыны бар дарынды тұлға еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында поэзия бөлімінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
«Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні», «Көктемгі хаттар» жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббат пен сұлулықты жырлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49