«Удар» оппозициялық партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Киев орталығындағы баррикададағы радикалдарды билік пен оппозиция арасындағы келіссөздер аяқталғанға дейін бітімге келуге шақыруда.
Бұл туралы Грушевский көшесіндегі оқиға орнынан тікелей көрсетілім жүргізіп жатқан espreso.tv телеарнасы хабарлады.
Айта кетейік, бүгін Украина Президенті әкімшілігінде Мемлекет басшысы Виктор Янукович пен оппозициялық партиялар көшбасшылары арасында елдегі саяси дағдарыстан шығу жолдарын талқылауға арналған кезекті келіссөздер өтуі тиіс.
«Келіссөздер аяқталғанға дейін біз бітім жасайтын боламыз. Мен сағат 8-ге дейін келіп, нәтижелері туралы айтып беремін. Олар да сол уақытқа дейін «ешқандай граната» қолданбайтындығына уәде етті», - деді В.Кличко.