Палестинаның Газа секторында жүздеген адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестинаның Газа секторында жүздеген адам шеруге шықты

31.07.2023

Палестинаның Газа секторында жүздеген адам шеруге шықты. Олар анклавтағы 16 жылға созылған ішкі жіктелуге қарсы шыққан. Сонымен бірге демонстранттар биліктегі дағдарысты реттеуге үндеді. Бір-бірімен келісімге келе алмай отырған палестиналық топтар жақында Мысыр астанасы Каирде кездесті.

Жиын нәтижесі сәтсіз аяқталған. Шараға Палестина президенті Махмуд Аббас пен Хамас қозғалысының лидері Исмаил Хания да қатысты. Олар 2007 жылдан бері ортадағы араздықты шеше алмай келеді. Израильмен бітімге келуге қарсы шыққан Хамас сол жылы Газа секторын бақылауға алған еді. Ал Аббас әкімшілігі Батыс жағалауға билігін жүргізіп отыр.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу