WSB. Ресей боксшыларымен жұдырықтасатын «арландар» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Ресей боксшыларымен жұдырықтасатын «арландар» анықталды

23.01.2014
WSB. Ресей боксшыларымен жұдырықтасатын «арландар» анықталды
Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы «Astana Arlans» мен «Russian Boxing Team» жекпе-жегінде қазақстандық клубтың құрамынан мықты боксшылар шаршы алаңға шығады.
 
49 келі. Азамат Исақұлов – Белик Галанов.
56 келі. Мейірболат Тойытов - Эдуард Абзалимов.
64 келі. Асхат Уәлиханов - Григорий Лизуненко.
75 келі. Сергей Деревянченко - Петр Хамуков.
91 келі. Василий Левит - Алексей Егоров.
 
Естеріңізге сала кетейік, Санк-Петербургте өткен кездесуде «Astana Arlans» боксшылары 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Дегенмен Сергей Корчинский шәкірттері соңғы кездесуде әзірбайжандық «Baku Fires» командасынан 1:4 есебімен ұтылды.
 
Қазақстандық команда алты кездесуден кейін өз тобында екінші орында келеді. Ал ресейлік боксшылар үшінші орында. Топ басында – «Cuba Domadores».
 
«Astana Arlans» мен «Russian Boxing Team» жекпе-жегі 1 ақпан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Басталу уақыты – 19:30.

Хабарламаларға жазылу