«Астана арландары» биылғы WSB жобасын 23 қаңтарда бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» биылғы WSB жобасын 23 қаңтарда бастайды

01.01.2016
«Астана арландары» биылғы WSB жобасын 23 қаңтарда бастайды

Биылғы маусымда «Астана арландары» «D» тобында «Baku Fires» (Әзірбайжан), «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто-Рико), «Tеам Uzbekistan» (Өзбекстан) клубтарымен сынға түседі.

«Арландар» алғашқы жекпе-жегін 23 қаңтар күні Қарағанды қаласында әзірбайжандық «Baku Fires» клубының боксшыларымен жұдырықтасады. 6 ақпан күні «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто-Рико), 23 ақпан «Tеам Uzbekistan» (Өзбекстан) және 4 наурыз күні «Baku Fires» (Әзірбайжан) командаларымен сырт алаңда шаршы алаңға шығады.

Ал, 19 наурыз күні Петропавл қаласында «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто-Рико) және 2 сәуір күні Өскеменде «Tеам Uzbekistan» (Өзбекстан) клубтарымен жұдырықтасады.

«Астана арландары» бокс клубының биыл жұдырықтасатын боксшылар тізімі.

Хабарламаларға жазылу