«Астана арландарынан» алты жаңалық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландарынан» алты жаңалық

12.08.2014
«Астана арландарынан» алты жаңалық

Кәсіпқой бокста еліміздің абройын асқақтатып жүрген «Астана арландары» клубының директоры Болат Манкенов мырза клубтың жаңалықтарымен бөлісті.

Біз, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «KEGOC» және "Big Fish» компанияларымен серіктестігімізді жалғастыра береміз.

Биыл құрамдағы боксшылардың арасында өзгерістер бар. 60 келідегі команда капитаны Самат Бәшенов 64 келіге ауысты, 69 келідегі Мейірім Нұрсұлтанов 75 келіге ауысты. Әзірше екі лидерімізді жоғалтып отырмыз. Бірі, 91 келідегі Васили Левит. Ол жақында ғана операциядан шыққан болатын. Қатарға қашан қосылатыны белгісіз. Ал, 75 келідегі үздігіміз украиналық легионер Сергей Деревянченко кәсіпқой боксқа ауысып кетті.

Сонымен қатар, WSB сериясының 5-ші маусымы өзгерістерге толы. Биыл, 16 команда қатысып отыр. Және жекпе-жектер 5 айдың ішінде өтпек. Бұл боксшыларымызға қиындық туғызатыны анық. Соны ескеріп, осы жылдан бастап әр салмақта 3 боксшы болады. Жыл соңында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді, сол уақытта тағы 5 боксшымен келісімшартқа отырамыз, деп жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, команда да 30 боксшы өнер көрсетеді.

Команда да үш легионер ғана қалды. Олар: Филипп Хргович, Хрвое Сеп және Эхсан Рузбахани.

Қарағанды да өткен Бокс Федерациясы кубогында біздің бапкерлер Ержан Мусафировпен жолыққан болатын. Ержан жарақатынан айығып, спорттық формасына келе бастапты. Егер, карьерасын жалғастырамын десе біздің есік Ержанға әр дайым ашық. Кез-келген уақытта «Арлан» атануға мүмкіндігі бар.

• Баршаңызға белгілі, қыркүйек айында Куба боксшыларымен жекпе-жек өткіземіз. Кубалықтар Астанаға 4-5 қыркүйекте келеді деп күтілуде. Кубадан келген боксшыларға қарап, оларға қарсы жұдырықтасатын тізімді шығарамыз. Біздің боксшылар қазір Алматыда. Олар Астанаға 6-шы кыркүйекте келеді. 

Хабарламаларға жазылу