HBO телеарнасы Головкин-Адама жекпе-жегін көрсетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

HBO телеарнасы Головкин-Адама жекпе-жегін көрсетпейді

22.01.2014
HBO телеарнасы Головкин-Адама жекпе-жегін көрсетпейді
Танымал америкалық телеарна НВО қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен ганалық Осуману Адама жекпе-жегін көрсетпейді. Телеарна Монте-Карло аренасының техникалық жабдықталу мәселесіне байланысты бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпан күні WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы  Геннадий Головкин ганалық Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.
 
Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу