«Тек «ел» деген сөз үшін!» байқауы қорытындыланбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тек «ел» деген сөз үшін!» байқауы қорытындыланбақ

22.01.2014
«Тек «ел» деген сөз үшін!» байқауы қорытындыланбақ
 
31 қаңтарда Сүлеймен Демирел атындағы университетте Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай өткізілген «Тек «ел» деген сөз үшін!» республикалық жастар байқауының қорытынды жабылу салтанаты өтеді.
 
Аталмыш байқау 2013 жылдың қазан айында басталып, желтоқсан айында жұмыстарды қабылдауды тоқтатқан болатын. Байқауға еліміздің барлық ЖОО  студенттері қатысты. Бұл байқау шығармашылықтың жан-жақты салаларын біріктіруімен ерекшеленеді.
 
Сайыс төмендегідей төрт бағытта өтті:
1. Қысқа көлемді бейнебаян (М. Жұмабаев немесе барша Алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, соңына қалдырған мұрасына байланысты).
2. Көркем сөз (эссе, әңгіме, т.б.)
3. Көсемсөз (публицистикалық мақала)
4. Поэзиялық шығарма, яғни жас ақындар мүшәйрасы.
 
Жыл бойында келіп түскен 200-дей шығарманың ішінен іріктелген 20 сайыскерге жүлделі сыйлықтар тапсырылады.
 
Жеңімпаздарға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалым-жазушылар тағайындаған: «Әлихан Бөкейхан», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Міржақып Дулатұлы», «Сәкен Сейфуллин», «Мағжан Жұмабай», «Шәкәрім Құдайбердіұлы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Жүсіпбек Аймауытов», «Тұрағұл Абайұлы», «Мұхтар Әуезов», сонымен бірге Алаш арыстарының заңды жалғасындай болған тұлғалар «Бауыржан Момышұлы», «Асқар Сүлейменов», «Марат Барманқұлов» атындағы номинациялар табысталады.
 
Шара аясында Алаш зиялылары туралы пікірталас өткізіліп, Мағжан Жұмабай тағдырына қатысты деректі фильм көрсетіледі. Жүлдегерлердің бейнетаспалары мен туындылары оқылады.

Хабарламаларға жазылу