Астанада боран соғып тұр
Астанада 20 және 21 қаңтарда ауа райының бұзылуына орай ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Метеорологтардың хабарлауынша, бұл күндері елордада боран болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Бүгін, 20 қаңтарда Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран соғыт тұр. Оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғуда. Түнде ауа температурасы -7;-9°C, күндіз -2;-4°C.
21 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -17-19°C.
«22 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23;-25°C, күндіз -20-22°C болады», - деп болжайды синоптиктер.
Сондай-ақ, бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16